Қаржы тапшылығынан кәсіп аша алмай жүргендерге мемлекеттен қолдау бар. Алайда, оны алу жолдарын көпшілік біле бермейді. Осы орайда, «Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Келес ауданындағы филиалы өңір тұрғындарына бизнес жоспар жазып, несие алуда жан-жақты көмектесіп келеді. Мәселен, өткен жылы кәсіпкерлер орталықтың көмегімен 40 млн-ға дейін несие алған.
Авторлар: Балнұр Зұпарбекқызы, Айдос Дәулет