Кәсіпкер Сәуле Базархан пластикалық ота кезінде көз жұмды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Мәліметке сәйкес, әйелге абдоминопластика жасалған. Бұл іш аймағын түзетуге арналған хирургиялық ота. Ота кезінде артық тері мен май алынып, іш бұлшықеттері тартылып тігіледі.

Мұндай ота көбіне босанған соң немесе қатты арықтаған адамдарға жасалады. Қазір өлімнің нақты себебі ресми түрде жарияланған жоқ. Ал полиция қылмыстық іс қозғап, клиника уақытша жабылған.

Полиция мәліметінше, Алматы қаласының 53 жастағы тұрғыны 15 мамыр күні көз жұмған. Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер қажет сараптамалар жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: t.me/stankznews

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар