
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті. 2026 жылғы желтоқсан айының соңына дейін 23 мыңға жуық ер азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады. Бұл әскерден кейінге қалдыруға немесе әскери қызметтен босатылуға негізі жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарға қатысты.
Олардың ішінде 12 000-нан астам адам – Қарулы күштер, 7 000 – Ұлттық ұлан, 3 000 – ҰҚК Шекара қызметі, 400-ден астам адам – Төтенше жағдайлар министрлігі, 300-ге жуығы – Мемлекеттік күзет қызметі қатарын толықтыратын болады. Бізге жазылыңыз ->
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


