Кішкентай кенгуруларға ат қоя аласыз

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді. Екеуі сұр кенгурулар Лорд пен Ларадан және Тик пен Линдадан туса, бір еркек төл жирен кенгурулар Мартин мен Мартадан туған.

Дәстүр бойынша Алматы хайуанаттар бағы жұртшылықты жаңа туған төлдерге ат қоюға шақырады. Екі кенгурудың жынысы әлі белгісіз болғандықтан, оларға еркекке де, ұрғашыға да жарасатын әмбебап есімдер ұсынуға болады.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp