
Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль Трамптың 1 ақпанға дейін Киевке шабуыл жасамай тұра тұру ұсынысымен келіскенін мәлімдеді.
Сөзінше, АҚШ президенті мұны «келіссөзді сәтті жүргізу мақсатында» ұсынған.
Алайда Харьков пен Херсон облыстарының басшылығы Ресей түнде шабуыл жасағанын мәлімдеді. Херсонда шағын автобусқа Ресейдің соққысынан бір адам қаза тауып, бес адам жараланғаны айтылды.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


