Қыс мезгілі келісімен әрбір отбасы жаздыгүні жапқан банкасын ашып, консервіленген қиярын жеуге кіріседі. Қымбатшылықтан қысылған қара халық үшін үйде дайындалған бұл тағамдар әжептеуір көмек екені сөзсіз. Дегенмен консервіленген көкөністер мен жемістер термоөңдеуден дұрыс өткізілмеген болса, олар ботулизм деген ауруға шалдықтыруы мүмкін. Сондықтан санэпидемиолог мамандар қыстың қамын жазда ойлаған ағайынды барынша сақ болуға шақырды.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ерлан Сәрсенбеков