Кеңес барысында заманауи өнеркәсіптік кластерлерді қалыптастыру қажет

Фото: primeminister.kz

Үкімет кеңесі барысында заманауи өнеркәсіптік кластерлерді қалыптастыруға кешенді көзқарастың қажеттілігі атап өтілді.

«Осы секторлардағы жаңа жобалар қосылған құны жоғары өнім шығаруға, заманауи технологияларды енгізуге және бәсекеге қабілетті кластерлерді қалыптастыруға бағытталған индустриялық өсудің берік тұғырына айналуы тиіс. Олардың айналасында шағын және орта бизнес кәсіпорындары, сервистік компаниялар, логистикалық орталықтар және заманауи инфрақұрылым белсенді түрде дамуы керек.

Біз мыңдаған жаңа жұмыс орнын құруға, барлық өңірдің экономикасын жандандыруға мүмкіндік беретін қуатты мультипликативтік әсерге сенеміз»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекеттік органдарға жобаларды жүзеге асыруға сапалы қолдау көрсетуді қамтамасыз ету тапсырылды. Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика министрліктері барлық жобаларды уақтылы іске қосу шараларын қабылдауы керек.

Дереккөз: primeminister.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар