
Үш жыл ішінде жоба аясында 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 217 мектеп салынды. Нәтижесінде 54 үш ауысымды және 12 апатты мектеп мәселесі толығымен шешілді. Сондай-ақ 100-ден астам мектепте оқушы орындарының тапшылығы қысқарды. Нысандардың айтарлықтай бөлігі Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Түркістан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында жүзеге асты.
Ауылдық жерлерде жаңа форматтағы 84 мектеп салынды, соның арқасында 130 мыңнан астам ауыл балалары заманауи және жайлы білім беру ортасына қол жеткізе алады.
Мектептер заманауи физика, химия, биология кабинеттерімен, зертханалармен, компьютерлік сыныптармен, STEM-зертханалармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталған.
Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz


