Келес ауданының қайта құрылғанына биыл – 5 жыл толды. 2018 жылдың 5 маусымында Президенттің №698 Жарлығымен Сарыағаш ауданынан бөлініп шыққан өңір жыл санап көркейіп келеді. Айтулы күнге орай, Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Бостандық, Жоғары Шыршық және Келес аудандары ақын-жазушыларының қатысуымен «Жырлары жүректі жаулаған…» атты әдеби – сазды кеш болып өтті.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Ережеп Тұрғынбайұлы