Түркістан қаласындағы Келес ауданының мәдениет күндері бастау алды. Салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарымыз насихатталған шараның алғашқы күнінде келестік өнерпаздар түрлі қойылымдар қойып, жыраулар түрлі тақырыпта жырлады. Қолөнер шеберлері мен кәсіпкерлер де өз қолдарынан шыққан дүниелерді туристер мен облыс тұрғындары және қонақтарына паш етті.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Сағындық Ислам