Келес ауданында табиғатты қорғау мен көгалдандыру мақсатында «Тегін көшет ал да, өз ағашыңды отырғыз» атты күзгі ағаш егу акциясы өтті. Абай ауылындағы игі шараға аудан әкімдігі қызметкерлері, ардагерлер, кәсіпкерлер мен еріктілер қатысты. Акцияның басты мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындарды табиғатты аялауға шақыру.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Ережеп Тұрғынбайұлы




