Келес ауданында ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Әлішер Сатыбалдиев және Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаевтар арнайы танысты. Халық қалаулылары аудан аумағында салынып жатқан жылыжай кешені, іске қосылуға жақын өндіріс орындары мен отандық өнім шығаратын кәсіпорындардың жұмысын көріп, жобалардың өңір экономикасы үшін маңызын атап өтті. Әр нысандағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар жайлы толығырақ тілші жалғайды.





