Ауылдарды дамытуға арналған жобалар іске асырылып жатқанынан хабарыңыз бар ма? Бұл – Мемлекет басшысының 2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында қолға алынған жалпы тиімділігі жылдық мөлшермен 2,5% ды құрайтын жеңілдетілген несие. Ал орташа несие көлемі – 5 млн теңгені құрайды. Ол үшін кәсіпкерлер кепілмен қамтамасыз етілуі тиіс. Осыған орай, күні кеше Келес өңірінің әкімі – Жәнібек Ағыбаевтың бастамасымен арнайы аппараттық жиын отырысы өтті. Жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Жиынды аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы – Мадияр Әшірбаев мәлімдеді. Тақырыпты толығырақ, тілшіміз Фариза Мүсілім тарқатады.
Авторлар: Фариза Мүсілім, Ерлан Сәрсенбеков