Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің арасында халық алғысынан кейінгі орында тұратын ерекше бір марапат бар. Ол – «Алтын дәрігер» атағы. Бұл төсбелгі – қызмет барысында ерекше кәсіби шеберлік көрсетіп, жұмысын адал атқарған азаматтарға беріледі. Дәл сондай марапат Келес аудандық «Абай» ауруханасында еңбек ететін білікті дәрігерлерге де тапсырылды.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек