Келес ауданында ұлттық өнерді дәріптеген тағылымды рухани кеш – айтыскер ақын Жарқынбек Наушабековті еске алуға арналған «Жыр жүйрігі Жарқынбек» атты республикалық ақындар айтысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл шара ұлт руханиятын жаңғыртып, айтыс өнерінің өміршеңдігін тағы бір дәлелдеді.





