
Премьер-министр Джорджа Мелонидің айтуынша, тиісті шаралар жақын арада Министрлер кеңесінің қарауына ұсынылады. Бір сыныптағы шетелдік оқушылардың ең жоғары санын заңмен белгілеу көзделгенімен, нақты шек әзірге жарияланған жоқ.
Сонымен қатар мектеп жүйесіне бейімделуде қиындық көріп жүрген шетелдік оқушылардың ата-аналарына итальян тілін үйрену міндетін енгізу ұсынылып отыр. Италия азаматтығы жоқ балалар елдегі мектеп оқушыларының 11,6%-ын құрайды.
Дереккөз: @baq_kz


