Испанияда екі жүрдек пойыз рельстен шығып кетіп, 21 адам опат болды.

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Тағы 100-ге жуық азамат зардап шекті. Қайғылы жағдай Кордова провинциясының Адамус елді мекенінде болған. 317 жолаушысы бар пойыз Мадридке бет алған. Кенеттен шойын жолдан шығып, қарсы келген пойызбен соқтығысады.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жарақат алғандар жайлы ақпарат нақтылануда.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp