Ирандағы мұнай құбырлары жарылып кетуі мүмкін

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Иранның мұнай құбырлары істен шығуға жақын. Мұны 24.kz телеарнасы мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп осындай ескерту жасады. Ақ үй басшысының сөзіне қарағанда, елде мұнайды тасымалдау мен сақтау мүмкіндігі азайып, құбырлар бітелуге таяған. Тасымал тоқтаса, құбыр бойына қысым жиналып, үш күн ішінде жарылуы мүмкін. Трамп сондай-ақ Иран мұнай инфрақұрылымының жартысына жуығынан айырылса, оны қайта қалпына келтіру қиын болатынын айтты.

Дереккөз: 24.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp