
Ол 25 сағат бойы үздіксіз атқылап, аспанға күл мен лава шығарды. От ұшқыны Джакарта мен өзге де аймақтарға жетті.
Жанартау күлінің таралуына байланысты 2 961 рейстің жұмысы бұзылып, 341 мыңға жуық жолаушы зардап шекті. Бірнеше әуежай уақытша жабылды. Қазір бес әуежай қайта жұмысын бастады.
Қанша адам қаза тапқаны немесе жарақат алғаны белгісіз. Алайда жанартауды түсіруге барған 5 журналист пен тағы 3 адам мінген катер із-түссіз жоғалды. Ал құтқарушылар оларды іздеп жатыр.
Дереккөз: t.me/stankznews


