Келес ауданында дәстүрлі діннен алшақ кеткендердің саны артқан. Мамандардың сөзінше, олардың аудан бойынша жалпы саны жүз алпыстан астам. Тоқсан бір пайызы – Біртілек ауылдық округінде екен. Одан бөлек, заты мешіт, аты құжат бойынша мешіт деп нақтыланбаған құлшылық орындарының жайы да бар. Аталған мәселелер Келес ауданында өткен басқосуда айтылды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы