«Отбасы – шағын мемлекет» деген сөздің қазақ қоғамында алар орны ерекше. Босағаның берік, шаңырақтың биік болуы отбасындағы ерлі-зайыптыға бірдей жүктелетін міндет. Соңғы уақытта шаңырақтың шайқалып, бейкүнә сәбилердің жаутаңкөзге айналып жатқаны қабырғаны қайыстырады. Әрине, берекесі мен бірлігі жоқ, күнде айқай-шу болатын үйде зорлық-зомбылықтың болатыны сөзсіз.Осы орайда Келес ауданы бойынша «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акциясы қолға алынды. Құзырлы орган қызметкерлері тарапынан қандай шаралар жүзеге асуда? Әріптесім жалғайды.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Сағындық Ислам