
25 қараша — 10 желтоқсан
Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары! Республика аумағында жыл сайын өтетін «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы бастау алды.
Акцияның негізгі мақсаты:
- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесу;
- осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;
- отбасылық құндылықтарды нығайту;
- құқықтық мәдениетті арттыру.
Біз әр адамның қауіпсіздігі мен құқығы қорғалуы тиіс екенін еске саламыз. Отбасындағы тыныштық — қоғамдағы тыныштықтың кепілі.
Зорлық-зомбылыққа қарсы біргеміз!
Қолдау көрсетіңіз, үн қосыңыз, ақпаратпен бөлісіңіз.




