Сарыағаш ауданы прокуратурасымен ұйымдастырылған жедел құқықтық көмек көрсету «Заң керуені» акциясы болып өтуде. Бүгін Дарбаза ауылында аталған іс-шара іске асты. Тұрғындарға заң шеңберінде көптеген салалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мамандар жергілікті жандардың өзекті сауалдарына жауап берді.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Асан Қазақбаев