Заңсыз құрылысқа қатаң шара

Келес ауданында заңсыз салынған нысандарға қатысты бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері анықталған 9 заңсыз құрылыс бойынша әкімшілік шаралар қолданылған. Солардың бірі – сот шешімімен мәжбүрлі түрде бұзылды. Жалпы өндірілген айыппұл көлемі 7 миллион теңгеден асты. Бұл – ауданда құрылыс тәртібін сақтау және қауіпсіздік талаптарын орындаудың маңызын еске салатын шаралардың бірі.

Авторлар: Әсел Әбдібек, Марат Жолдас

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар