
Астанада «Nomadgames» және «Sultangames» сайттары арқылы заңсыз онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікке ілінген адамдарға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.
ҚМА мәліметінше, ойыншылардан ақша жинау үшін төлем ұйымдары, банк терминалдары, т.б. пайдаланылған. Осы жүйе арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы өткен.
Қылмыстық жолмен түскен ақшаны заңдастыру үшін күдіктілер бақылауындағы ЖШС пайдаланылған. Жалған келісімшарт негізінде компанияның есепшотына 10 млрд теңге аударылған. Кейін ақша криптовалютаға айырбасталған.
Тергеу барысында жалпы сомасы 19 млн USDT болатын цифрлық активтердің қозғалысы анықталған. Соттың санкциясымен 3 пәтерге, 6 автокөлікке, сондай-ақ 1,4 млрд теңге сомасындағы криптоактивтер мен банк шоттарындағы ақшаға тыйым салынған. 2 күдікті қамауға алынған, тағы 3-еуіне кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Қалған 2 күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.
Дереккөз: 24kz


