ЗАҢСЫЗ НЫСАНДАР БҰЗЫЛУДА

Сарыағаш қаласында 2026 жылы заңсыз салынған кәсіпкерлік нысандарды бұзу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Аталған нысандардың қатарында «Рамадан каналы» аумағында орналасқан, құрылыс талаптары сақталмай және тиісті рұқсат құжаттарынсыз салынған ғимараттар бар. Құзырлы органдар жүргізген тексеру нәтижесінде бірқатар кәсіпкерлердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заң талаптарын бұзғаны анықталды. Осыған байланысты заң аясында тиісті шаралар қабылдануда.

Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Айдос Дәулет

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp