«Қапланбек» жоғары аграрлық-техникалық колледжінде «Жұмыс берушi күнi» атты ашық есік күнi болып өтті. Жұмыс беруші кәсіпкерлер, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сарыағаш аудандық филиалының қызметкерлерi, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, өңiрiмiздегi Кәсiпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің, Ветеринария саласының мамандары, студенттер тағы басқа көпшілік қатысқан іс-шаралар барысын бiздiң арнаның тiлшiсi де көрiп қайтқан болатын.
Авторлар: Қуаныш Амангелдіұлы, Асан Қазақбаев