Жұмысшы мамандық иелері үшін «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы іске қосылды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Жұмысшы мамандық иелері үшін қолжетімді баспана «Наурыз жұмыскер бағдарламасы іске қосылып, 2000-ға жуық адам баспаналы болды, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы депжарияланған жылы Қазақстанда өндірістік сала қызметкерлерін қолдау шаралары белсенді түрде жүзегеасырылуда. Сол бастамалардың бірі «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама арқылы 1990 адам қоныстойын атап өтті.

Бағдарлама қатысушыларының барлығы құрылыс, электрэнергиясын беру және бөлу, автокөлік өндіру, кен, мұнай және газ өндіру мен өңдеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация салаларында еңбек етеді.

Бағдарлама 2025 жылдың көктемінде өндірістік сала қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесу мақсатында іске қосылған. Өтінімдерді қабылдау 17 наурыз 2025 жылы басталды.

Ең көп несие алғандар өнеркәсіп және құрылыс саласының өкілдері (1 176 адам). Көлік саласының қызметкерлері екінші орында (396 қатысушы). Ал үздік үштікті энергетика саласының мамандары (269 адам) түйіндейді.

Жалпы алғанда бағдарлама 1 143 экономикалық қызмет түрін және 8 230 жұмыс мамандығын қамтиды. Бағдарламаға қатысу үшін конкурстық іріктеу талапетілмейді тек жұмыс орнынан лауазымы, мамандығы және кәсіпорын қызметінің түрі көрсетілген анықтама әкеліп, банк бөлімшесіне өтінім беру жеткілікті.

Қатысушылардың орташа жасы 31 жас. Ал тұрғын үй алғандардың шамамен бесінші бөлігі жұмысшы мамандығындағы әйелдер.

Несие сомасы Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңгеге дейін, ал өңірлер үшін 30 млн теңгеге дейін. Пайыздық мөлшерлеме қатысушы санатына байланысты жылдық 7%-дан 9%-ға дейін өзгереді.

Өтінім беру үшін қажетті шарттар:
– банкте депозиттің болуы (оны өтінім алдында ашуғаболады);
– жинақ шотында кемінде 2 млн теңге болуы;
– соңғы 5 жылда өтінім беруші мен отбасы мүшелерініңатында тұрғын үй болмауы;
– соңғы айларда ресми табыс пен зейнетақыаударымдарының болуы.

Дереккөз: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар