«ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕГЕН»

Түркістан облысында тұрғындарды еңбекпен қамту, өндіріс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. 2025 жылы облыс тұрғындарын сапалы жұмыс орындарымен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітілген. Жұмыспен қамту картасы шеңберінде 130 769 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Бұл республика бойынша құрылатын жұмыс орындарының 14,5 пайызын құрап, ең жоғары көрсеткіш болып қалыптасты. 2025 жылдың қорытындысымен 147 719 азамат жұмыспен қамтылып, жоспар артығымен орындалған. Оның ішінде 100 046 тұрақты жұмыс орны құрылса, 47 673 уақытша жұмыс орны жасақталған. Жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрап, төмендеген. Аталған салаға қатысты мәселелер мен жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.

Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp