Сарыағаш аудандық өрт сөндірушілердің ұйымдастыруымен «ЖОЛ БЕР» акциясы өтті. Бұл шараның маңыздылығы – адам өмірі мен мал мүлкін сақтауға аттанған өрт сөндірушілерге құрмет көрсетіп, жол беру. Жұмыс барысында қала аумағын қызметтік көлікпен аралаған мамандарға жол бермеген жүргізушілерге полиция қызметкерлері тарапынан ескерту берілді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Аман Асылбек