Жүк көлігінің дөңгелегін ауыстырып жатқан жұмысшы қаза тапты

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Павлодарда техникалық қызмет көрсету станциясының (ТҚС) қызметкері жұмыс орнында мерт болды. Ер адам жүк көлігіне дөңгелек орнатып жатқан кезде дөңгелек жарылып кеткен.   

«Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігінің баллонын ауыстыру кезінде дөңгелек жарылған. Соның салдарынан жұмысшы ауыр дене жарақаттарын алып, көз жұмды», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: 24kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар