Келес ауданының орталығы Абай ауылында өткен «Жыр жүйрігі – Жарқынбек» атты республикалық ақындар айтысы танымал ақын Жарқынбек Наушабековті еске алу мақсатында ұйымдастырылды. Бұл айтыс Жарқынбек ақынның есімін ұлықтап, оның өнерін құрметтеу үшін өткен игі шара болды. Айтысқа еліміздің әр аймағынан келген әйгілі ақындар қатысып, жырлары арқылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған ойларын ортаға салды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбаұйлы, Нұрдәулет Жолбарыс