«Жолдың жайын жүрген біледі» деген бар ғой. Жолдың сапасынан бұрын, құрылысының өзі көңіл көншітпейді. Мәселе қандай? Білікті кадр мен техниканың тапшылығы ма, әлде қаржыландыру жағы кемшін бе? Қордаланған түйткілдер түгелімен қашан шешімін таппақ? Келестіктердің айтар уәжі қандай? Жергілікті халықтың сыны мен тілегі халық қалаулыларының құлағына жетті. Арна тілшісі Майра Нұрмахан мәселенің мән-жайын зерттеп қайтқан еді. Тыңдап көрейік.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Марат Жолдас