Келес ауданында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауына арналған кеңейтілген отырыс өтті. Жиынға партия өкілдері, мәслихат депутаттары, зиялы қауым мен жастар қатысты. Басқосуда стратегиялық құжаттың басым бағыттары талқыланып, оның ел дамуына қосатын үлесі сөз болды.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Нұрдәулет Жолбарыс