ChatGPT-ден діни тәлім алып, адасып кетті. Түркістан қаласының жасөспірім жігіті «жасанды интеллект арқылы намаз оқу мен қажетті шарттарын үйренемін» деп теріс ілім алудың нәтижесінде, алты айдай түзету жұмыстарынан кейін барып дәстүрді дінге қайта оралған. Мұны Түркістан облыстық Дін істері басқармасының басшысы мәлімдеді. Бүгін Сарыағаш ауданы аумағында осы және басқа да ақпараттар, сонымен бірге діни сауаттылық төңірегінде біраз әңгіме өрбіді.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы



