Жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

Жылға ауылдық округінің тумасы, атпал азамат Мырзатай Бағлан биылғы жылдың басты спорттық оқиғаларының қаһарманына айналды. 15–17 тамыз күндері Өзбекстанда өткен Халықаралық алыптар сайысында қазақтың қайсар оғланы І орынды жеңіп алды. Бұл жеңіс тек Бағланның емес, күллі Жылға жұртының мерейі. Артынша, Алматы облысында өткен «Ақ бидай» республикалық спартакиадасында да ол ешкімге дес бермей, тағы да жеңіске жетті. Осылайша, ел намысын абыроймен қорғаған спортшы туған жұртына үлкен қуаныш сыйлады.

Авторлар: Қуаныш Амангелді, Нұрдәулет Жолбарыс

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp
Қуаныш Амангелдіұлы

Қуаныш Амангелдіұлы

Корректор-редактор

Танымал жаңалықтар