«Өткенді ұмыту өшкендіктің белгісі, өткенді еске алу өскендіктің белгісі», – деген нақыл бар қазақ халқында. Бүгінгі жас ел тарихын, өткен күнді ұмытпай, одан сабақ алып өсуі тиіс. Осы мақсатта, Сарыағаш аудандық ЖРО «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» атты тағылымды кеш ұйымдастырды. «Қапланбек» жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттері Желтоқсан көтерілісінің куәгері Сәуле Кенжеевамен кездесіп, сүбелі сұхбат құрды. Желтоқсаншы сол кездегі алаңда өз көргендері мен көңілге түйгендері жайлы жастарға тебірене әңгімеледі. Толығырақ тақырыпты тілші жалғасын.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Марат Жолдас