Талай жастың тағдырын тас-талқан етіп, өмірінде өшпес із қалдырған Желтоқсан оқиғасына биыл – 37 жыл. Ызғарлы желтоқсанда алаңға шыққан қыз-жігіттердің сол кездегі ерлігі бүгінгі Тәуелсіздігімізге қол жеткізуге тастаған алғашқы қадамы болды десек қателеспейміз. Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігін еске алып, қыршын болған боздақтардың рухына тағзым ету мақсатында Сарыағаш аудандық тарихи-өлкетану мұражайында іс-шара ұйымдастырылды.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Марат Жолдас