Басы ауырып, балтыры сыздаған сарыағаштықтарға жағымды жаңалық. «Аян» емдеу-сауықтыру» орталығынан бар жағдайы жасалған, стандартқа сай, ауруына шипа іздеген қала тұрғындарына арнап емхана ашылатынын хабарлаймыз. Жалпы аталмыш шипажайға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жанына дауа іздеген сырқаттар келіп, жан-жақты шипа алып жүр. Міне, осыған қарап мұндағы дәрігерлердің жоғары білімді және тәжірибелі маман екендіктерін бірден аңғаруға болады. Нақтырақ сюжет көрейік.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Ерлан Сәрсенбеков