Дунай өзені тартылып барады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Дунай суы рекордты деңгейге дейін азайды.

Венгрияның су басқармасының мәліметінше, Будапешт аумағындағы Дунай өзені 8 сантиметрге төмендеген. Мұның зардабын қазір круиз кемелері көріп жатыр. Будапештің солтүстігінде бірнеше кеме қайраңдап қалған. Осыған байланысты экскурсиялық сапарлар тоқтатылып, туризм саласы тығырыққа тірелген.

Өзен круиздері экономикалық тұрғыдан Венгрияның кеме қатынасы саласының ең маңызды бөлігінің бірі. Бұл су жолы арқылы жыл сайын 600 мың жолаушыға дейін тасымалданады.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/780457-dunaj-tartylyp-barady

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар