Сарыағаш ауданындағы «Красный водопад» ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы 1911 жылы құрылғаннан бері дәнді және бұршақты дақылдардың 94 сұрпын шығарып, Қазақстан мен өзге елдерге таратқан. Ал мемлекетімізде орталықтан шыққан сұрыптардың 30 түрі кең айналымға енген. Аталған кешендегі мамандар Сарыағаштық фермерлердің басын қосып, семинар өткізді. Мақсат – зерттеу нәтижелерін көрсету.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Айдос Дәулет