«Абай» Келес аудандық ауруханасында компьютерлік томография аппараты іске қосылды. Компьютерлік томография аппаратын іске қосуға арналған шараға Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Джабагиева Салтанат Усайдуллақызы, Келес ауданы әкімі орынбасары Дәурен Нұрланұлы, Келес ауданы бойынша «Amanat» партиясы филиалының төрағасы Жумабеков Ахмет Абдраманұлы және бірқатар сала жетекшілері қатысты.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы