Жаңаша өзгерістер

Сарыағаш ауданында шекара маңындағы аудандарды дамытуға бағытталған жаңа заң жобасына қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевтің қатысуымен ұйымдастырылып, оған Сарыағаш, Келес және Қазығұрт аудандарының әкімдік өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының белсенділері қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың соңғы отырысында шекара маңындағы елді мекендердің дамуын стратегиялық маңызы бар мәселе ретінде атап, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырған болатын. Осыған сәйкес әзірленген жаңа заң жобасы мемлекеттік тұтастықты нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар