Жаңажылдық сыйлық

Play Video

Мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілін көтеру, олардың жабырқау көңіліне демеу болу – әрқашан да сауапты іс. Осы орайда, Тегісшіл ауылдық округінде аталған балаларға жаңажылдық сыйлықтар табысталды. Өзгеге берер өнегесі мол шараға біздің арнаның түсірілім тобы барып қайтқан болатын.

Тумысынан мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілін көтеру мақсатында, Сарыағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Тегісшіл ауылында тұратын балалардың шаңырағына сыйлық ала келді. Жеке кәсіпкерлердің демеушілігінде өткен шарада 4 бүлдіршін жаңажылдық сыйлық алып, шаттанып қалды. «Дәл қазіргі статистика бойынша Сарыағаш ауданында 1365 мүмкіндігі шектеулі бүлдіршін тіркелген. Ал, жыл бойына екі АЕК көлеміндегі қаржы ата-аналардың жеке шоттарына аударылып отырады»,-дейді маман.

Әйгерім Урманова, Сарыағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі

Осылайша жаңажылдық сыйлық алып, бүлдіршіндердің көңілі көтеріліп қалды. Ал, демеушілік көрсетемін деген жеке кәсіпкерлер немесе азаматтар табылып жатса, мұндай балалардың қуанышына куә болу еш артықтық етпес.

Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Тимур Райымқұлов

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар