Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округі Жамбыл-2 елді мекенінде өткен 2022 жылы 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріліп, сапалы мобильді интернетпен қамтылған болатын. Ал осы жылдың еншісінде жаңа мәдениет нысаны салынып жатыр. Және де Аманжар ауылының жеткізуші газ құбырына табиғи газ берілді. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев күні кеше Қошқарата ауылдық округтеріне қарасты ауылдарда болып, онда жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.
Авторлар: Фариза Мүсілім, Айдос Дәулет