«Жағдайды түзетіңіз, әйтпесе бұл іспен басқа адамдар айналысады»: Бектенов Қазавтожол басшысына ескерту жасады

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Премьер-министр Олжас Бектенов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевқа жол сапасына қатысты мәселелерді түзетуді тапсырды, – деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«ҚазАвтоЖол» басшысы Үкімет отырысында жол қауіпсіздігі мен жолдағы жағдайға қатысты баяндама жасады. 

«Баяндама жақсы, бірақ шешілмей жатқан проблемалық мәселелер өте көп. Оны айтқан жоқсыз. Президент айтқан олқылықтардың бәрі сіздің де жұмысыңызға тікелей қатысты. Жолдардың сапасы жоқ, жағдайды түзету керек. Түзетіңіз немесе басқа адамдар бұл жұмыспен айналысады», – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар