ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛМАЙЫН ДЕСЕҢІЗ, ТӨЛЕМ ЖАСАҢЫЗ!

Сарыағаш ауданы әкімі қала ішінде жүргізіліп жатқан санитарлық-тазалық жұмыстарын аралады. Шаһар тазалығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қала әкімі және тазалыққа жауапты мекеме басшыларымен бірге пысықтады. Сандық мәліметке сүйенсек, аудан тұрғындарының тазалыққа жауапты мердігер мекемесіне 19 млн.тг берешегі бар болып шықты. Сарыағаштықтардың 25 пайызы ғана төлем жасайды екен. Осыған сәйкес, аудан басшысы қала тазалығына жауапты «Арт грууп» ЖШС –не әрбір тұрғынмен жеке келісім-шарт негізінде жұмыс істеуді ұсынды. Ендігі кезекте, тазалыққа атүсті қарап, төлемнен жалтаратын азаматтар жауапкершілікке тартылуы да мүмкін.

Авторлар: Майра Нұрмахан, Сағындық Ислам

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар