Отбасы – шағын мемлекет. Онда да өзінің ішкі тәртібі, өзара қарым-қатынасы мен тәлім-тәрбиеде заңдылықтары бар. Жұбайлар арасында бір-біріне деген құрмет пен сыйластық бар жерде саналы ұрпақ өсіп шығары сөзсіз. Сондықтан жанұялық құндылықтарды дәріптеу және одан әрі нығайту мақсатында ҚР Президенті Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі – «Отбасы күні» болып бекітілді.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек