Жасырын жүгі бар жол сөмкесі: есірткі таратушы сотталды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен алынды

Ұлытау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ҚР азаматына қатысты үкім шығарды. Ол есірткі затын – «гашишті» заңсыз өңдеу, сақтау, тасымалдау және аса ірі көлемде сату бойынша айыпталған.
 
Сотталушы тыйым салынған затты тұрмыстық жағдайда дайындап, кейін оны жол сөмкесіне жасырып, жолаушылар пойызымен Жезқазған қаласына жеткізген. Ол есірткіні кейін сатуды жоспарлаған.
 
Сот барысында прокурор айыпталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Құқық қорғау органдарының жедел жұмысының арқасында Ұлытау облысы аумағында шамамен 5 килограмм гашиштің таралуына жол берілмеді.  
 
Сот сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
 
Үкім заңды күшіне енді.

Дереккөз: Қазақстан Бас прокуратурасы

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар