Қазақстан Республикасының Президенті 8-ші қыркүйек күні кезекті халыққа Жолдауын жариялады. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындайтын бұл жолдау – жаңа кезеңдегі реформалардың негізі болмақ. Мемлекет басшысы Жолдау барысында цифрландыру, жасанды интеллект, инновация, білім беру мен экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударды. Ел азаматтары мен түрлі сала өкілдері бұл жолдауға өз қолдауларын білдіруде.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Марат Жолдас